Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінің жамағаты «Құрбан айт» мейрамы қарсаңында айттық дастархан үлестірді.
Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын екі мейрам бар. Оның бірі Рамазан айты болса, екіншісі Құрбан айт мейрамы. Рамазан айында пітір садақасының міндеттелуінің бірден бір себебі өзге отбасыларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Ал, Қасиетті Құрбан айтында айт намазына садақа беріп, айт намазына шығу абзал болады.
Осы орайда, мешіт жамағаты ақылдасып ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында айттық дастархан таратып, үй-үйге жеткізіп берді. Айттық дастарханды алған отбасылар алғыстарын білдіріп, баталарын берді.
Алла Тағала осы игі іс-шараға атсалысып, қызметте болған барша бауырларымыздың ниетін қабыл етіп, сауаптардан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



04 Сәуір 2026
16 Шавваль 1447

