ОҚО тұрғыны Карибова Насипаның денесіне соңғы бір жылдан бері араб тілінде түрлі жазулар шығады. Ол алғашында қорқып ауыл молдасына жолығыпты.
Имамдар қыздың денесінде пайғамбар мен Алла есімдері жазылғанын анықтаған. NUR.KZ тілшісіне хабарласқан Насипаның өзі мұндай жағдайды бұрын-соңды басынан кешіргендер бар-жоғын білгісі келетінін айтты.
22 жастағы бойжеткен денесінің кез келген жеріне жазу пайда болардан екі-үш күн бұрын ауыратынын, жазу шыққаннан кейін тағы бірнеше күн тұрып, ғайыптан жоқ болып кететінін айтады.
Насипаның өзі "Бұны Жаратушыңың бір құдыреті деп білемін. Сондықтан денемнен көрінген жазуларды құрту үшін дерматологқа, дәрігерге барудың қажеті жоқ деп ойлаймын", - дейді.
Насипа жақын күндері денесіне шығатын жазуға байланысты кеңес сұрап, Қырғызстанда тұратын шейхтер әулетіне бармақшы екен.