#Меркі ауданы: Аудандық «Меркі ата» мешіті қызметкерлерінің жиыны өтті

#Меркі ауданы: Аудандық «Меркі ата» мешіті қызметкерлерінің жиыны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен аудандық мешіт қызметкерлерінің жиыны өтті.

Жиында сөз бастаған бас имам Азамат Берікұлы мешіт қызметкерлеріне алғысын білдірумен бастады. Келе жатқан мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамында атқарылатын іс-шараларды пысықтады. Мешіттің ішкі және сыртқы тазалығын қадағалап, айт күні жамағатқа қызмет көрсетуде кемшілік болмауы керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, сабақ беріп жатқан өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан ұстаздардың атқарып жатқан еңбектеріне тоқталып, оларға алғысын білдірді.

Жиын соңында ұстаздарға, мешіт имамдары мен шаруашылыққа жауапты қызметкерлердің еңбегін бағалап, айттық сыйақы үлестірді. Алла Тағала мешіттің қызметінде жүрген барша бауырларымыздың амалдарын қабыл етіп, еселеп сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: