#Меркі ауданы: «Имани жаз» сауат ашу курсы шәкірттеріне сертификат табысталды

#Меркі ауданы: «Имани жаз» сауат ашу курсы шәкірттеріне сертификат табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты барлық ауыл мешіттері жылдағы дәстүр бойынша балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жұмысын жүргізіп жатыр.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы «Имани жаз» атты жазғы сауат ашу курстарында білім алып жатқан қыз балаларға сертификат табыстады.

Меркі ауданы имамдары мен ұстаздары балаларға дәріс беріп, сабақ барысында балаларға Құран әліппесі, иман әдебі мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны секілді тағылымы мол сабақтарды үйретуде.

Сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түскі тәттілер мен балмұздақ және түрлі ойындар, ұйымдастырылып жатыр. Осы игі іс-шараға атсалысқан шаршамай-шалдықпай сабақ берген ұстаздарға, келіп сабақ алған шәкірттерге алғысымыз шексіз. Алла Тағала елімізден дін сүйер қарилардың көптеп шығуын нәсіп етсін.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: