Меркі аудандық «Меркі ата»бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен орталық мешітінің айналасын тазарту жұмысы жүргізілді.
Атқарылған іс-шараға мешіт шәкірттері және мешіт жамағаты ат салысып, мешіт ауласына арнайы автосуарғыш жүйесі бар көгал төселді. Сонымен қатар, мешіт ауласы ретке келтіріліп, тазартылды.
Айта кетейік, осыған дейін мешіт асханасының және мешіт дәретханасының құрылыс жұмыстары аяқталып, халыққа қызмет етуде. Одан бөлек, алдағы уақытта, «Меркі ата» мешітінің ғимаратының іші-сыртын толықтай жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарлануда.
Осы игі іс-шараға атсалысқан, демеушілік жасап жатқан барлық азаматтарға Алла разы болсын дейміз!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



22 Маусым 2026
6 Мухаррам 1448

