Құрбан айт: Жамағат спорттық додада күш сынасты

Құрбан айт: Жамағат спорттық додада күш сынасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күллі мұсылманның басын біріктірген ұлық мереке Құрбан айт мерекесі Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ерекше аталып өтті. 

Айт намазынан кейін жамағат ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсіп, ептісі мен күштісі жүлделі орындарды қанжығасына байлады. Көпшіліктің ауызбіршілігін арттырып, мерекелік көңіл күй сылаған шараға қатысқан көпшіліктің қарасы қалың болды. 

 Гір тасын көтеру, ләңгі тебу, арқан тартыс, қол күрес бойынша қатысушылар сыннан сүрінбей өткен ерді анықтап, жеңімпаздарға мешіт атынан бағалы сыйлықтар тарту етілді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: