Таразда Құрбан айт намазы оқылды

Таразда Құрбан айт намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлем мұсылмандары бүгін Құрбан айт мейрамының алғашқы күнін тойлап жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде бүгін Құрбан айт намазы оқылып, исі мұсылман қауымы ұлық мерекені бастап та кетті. Тараз қаласының  жамағаты да айттың алғашқы күні облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналып, айт намазына қатысты.

Таң намазынан айт намазына дейін мешітте Құран оқылып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Әліпбекұлы Құрбан айт мейрамы жайында уағыз айтып, барша жамағатты қасиетті мерекемен құттықтады. 

Таңғы сағат 6:20-да жамағат имамға ұйып, қасиетті Құрбан айт намазын оқыды. Құлшылық етуге келген халықтың көптігі соншалық, қаладағы ең үлкен мешіт лық толды. Айт намазында жамағат тәкбір ташриқ айтып, Алланы ұлықтаған дауыстар құлшылық ордасын жаңғыртты. Намаздан соң бас имам Бейбіт Мырзагелдиев жамағатпен бірге еліміздің тыныштығы мен берекесін тілеп дұға жасады.

Намаздан соң ниет білдірген қауым мал соятын арнайы қасаханаларда құрбандық шалуға кірісті. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: