Египетте «Мұсылман бауырлар» қозғалысының лидері Мухаммед Бади мен оның 13 белсенді жақтасы өлім жазасына кесілді. Бұл туралы egemen.kz «Газета.Ru» сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Мұсылман бауырлар» лидері Мухаммед Бади мен қозғалыстың 13 ірі қайраткері өлім жазасына кесілді», — деп мәлім етті Agence France-Presse. Барлық сотталушыларға мемлекетке шабуыл жасады деген айып тағылды. Бади бұдан бұрын екі рет өлім жазасы мен өмір бойы түрмеде отыруға үкім алған еді.