Қала құрылысына 45 миллиард доллар жұмсалып, 7 жылда аяқтау көзделіп отыр.
Елдің құрылыс министрлігі Шарм-әл-Шейх қаласында өткен инвестициялық форум кезінде осындай жоспарын ортаға салды. Әлемдік деңгейдегі болашақ шаһар елдің қазіргі астанасы Каир мен Қызыл Теңіз арасында бой көтермек.
Қала құрылысына 45 миллиард доллар жұмсалып, 7 жылда аяқтау көзделіп отыр. Аумағы Сингапурмен тең болатын, 700 шаршы шақырымға созылатын келешек астанада 5 миллиондай адам тұрады.
Барлық үкіметтік мекемелер мен елшіліктер де жаңа қалаға көшіріледі. Бұл жерде Лондонның Хитроуынан да үлкен халықаралық әуежай салынбақ. Алып құрылыс миллиондаған жұмыс орнын ашып, ел экономикасын жандандыруға серпін береді.