Тикрит қаласында "Ислам мемлекеті" ұйымы мен Ирактың әскерилері арасындағы қақтығыс барысында елдің бұрынғы президенті Саддам Хұсейіннің мазары қиратылды деп хабарлайды Associated Press.
Қарулы жанжал Тикрит маңында кеше басталған болатын. Ирак әскери күштерінің жетекшілері аталған қаланы 48 сағат ішінде лаңкестерден тазалаймыз деп Тикритке ауыр техника кіргізген. Қақтығыс қаланың солтүстігі мен оңтүстік бөлігінде жүріп жатыр.
Капитан Ясир Нуманың айтуынша, ең қатты зардап шеккен елдімекен - Хұсейіннің туған ауылы Уджа. Экс-президенттің моласы да осы жерде орналасқан. Лаңкестер мазарды жарылғыш заттармен қоршап, оны күл-талқан еткен. Салдарынан мола орнында тек 4 баған қалды. Хұсейіннің суреттерінің орнына шииттердің туы тігілді.
Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында содырлар Саддам Хұсейіннің әкесі жатқан зиратты қратқан болатын.