Саудиялық оқушы көше тазалықшыларының еңбектеріне тәнті болғаны соншалық, оларды үйіне шақырып, қонақ етті. Аззам Ахмад әл-гамди есімді балақай көше тазалықшыларының еңбегін көптен бері бақылап жүрген көрінеді. Олардың қажырлы еңбектеріне қарымта ретінде әл-Гамди арнайы қонақасы дайындап, құрмет көрсетуді жөн деп тауыпты. Оның бұл бастамасын әкесі де қуана қолдаған.
Әл-Гамди бұндай құрметке барлық қала тазалықшыларын лайық деп санағанымен, төрт көзін түгел түскі асқа шақыра алмайтынын айтып қынжылады. Алайда, ол барлық қала тұрғындарына үндеу тастап, игі бастаманы қолдауға шақырды.


03 Қараша 2025
12 Джумада-авваль 1447

