БАС МҮФТИ МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ҚАЖЫЛАРҒА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ҚАЖЫЛАРҒА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мекке қаласында қажылық парызын өтеуге келген отандастарымызбен кездесіп, насихат айтты.

Қажылықтың рухани пайдалары туралы уағыз айтқан Бас мүфти: «Сіздерді Алланың қонағы болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – ішкі ойыңды, тіпті өміріңді өзгертетін теңдессіз құлшылық, хикметі мен пайдасы мол сапар. Қажылық сапары мұсылманды тақуалыққа тәрбиелейтіні белгілі. Ал тақуалыққа сабырсыз жету мүмкін емес. Демек, шыншылдық пен тақуалыққа жетелер төте жол сабыр арқылы өтеді. Қасиетті Құранда: «Таршылықта, қиындықта және соғыс кезінде сабырлық танытқандар, міне солар – шыншылдар әрі тақуалар» («Бақара» сүресі, 177-аят) делінген. Қажылықта әрбір сынақты сабырмен жеңу қажет.

Қажылық – нәпсімен күресу сапары. Адам баласы үшін шайтаннан және өз нәпсісінен асқан дұшпан жоқ. Өйткені лағынеті шайтан мен нәпсі адамды тек жаман нәрсеге шақырады. Хасан әл-Басридың (Алла оны рақымына алсын): «Жүгендеуге мұқтаж болған нәпсіңнен артық асау жоқ» деген сөзінде үлкен мән жатыр. Жаратушы Жаббар Иеміз баршамызға қабыл болған қажылықты нәсіп еткей. Отанымызға аман-есен, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, күнәмізден тазарған пәк сәби секілді қайтуды жазғай. Әмин!» деді.

Айта кетсек, қажылық парызын орындауға келген 4 мың отандасымыз толық Мекке мен Мәдина қалаларына жетті.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: