«Шымкент» медресе-колледжі түлектері емтихан тапсырды

«Шымкент» медресе-колледжі түлектері емтихан тапсырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін «Шымкент» медресе-колледжінде биылғы түлектер қорытынды емтихан тапсырды.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен құрылған комиссия құрамын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қарсы алып, алдағы білім жолы мен діни қызметке кірісетін шәкірттерге батасын берді.

Осыдан кейін емтихан алу жұмыстары басталды. Биылғы жылы емтиханды «Имам Хатиб» біліктілігі бойынша ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов (комиссия төрағасы), Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің  оқытушысы Нұрлан Мұрат, «Сарыағаш» медресе-колледжінің  арнайы пән оқытушысы Темірбек Құлжанов, «Шымкент» медресе-колледжінің  арнайы пән оқытушысы  Сарекеев Өмірбек және хатшысы Аринова Дариха қабылдады. Ал «Ұстаз біліктілігі» бойынша ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл (комиссия төрағасы), «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұстазы Сманова Нұржамал, «Шымкент» медресе-колледжінің ұстазы Еркінбекова Меруерт және комиссия хатшысы Ташпулатова Дияралар емтихан алды.

Биылғы оқу жылын 48 студент тәмамдады. Соның  ішінде 1 студент оқуын әрі қарай жалғастыру үшін  Түркия Республикасы «Хасеки» діни академиясына оқуға түсті. Ал 4 студент Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетіне үміткер ретінде құжаттарын өткізді. Мұнымен қатар, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен бітіруші түлектер имам, наиб имам, ұстаз және азаншы сынды қызметтерге бөлінеді. 

Айта кетсек,  «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың атуынша бітірушілерге арналған қорытынды емтихан медресе колледж бағдарламасына сәйкес Құран, фиқһ, араб тілі пәндері және қосымша сұрақтар бойынша алынды. 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: