ИМАМДАР ФОРУМЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ БАСТАЛДЫ

ИМАМДАР ФОРУМЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ БАСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысының барлық имам-молдалары Тараз шаһарына V Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттардың таныстырылымыны үшін жиналды. Өңірдің барлық дін мамандарының басын қосқан шара қасиетті Құран кәрім аяттарымен басталды. 

Құранды Қордай ауданының бас имамы, қари Әлімұхаммед Егізбаев оқыды. Шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдив ашып, кіріспе сөз сөйледі.  

Жиында көтерілетін мәселелерді тілге тиек етіп, имамдар форумының мақсаты, қабылданып жатқан құжаттардың мән-маңызын атап өтті. "Қажының рухани келбеті" тұғырнамасын, "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы рөлі", "Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі" құжаттарын жауапты мамандар талдап өтпек. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: