#Талас: Келелі кездесу өтті

#Талас: Келелі кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы мен қалалық ұлттық мұражай ұжымының ұйымдастыруымен балалармен кездесу өтті. Кездесуге "Терроризм - ғасыр дерті" тақырыбы негіз болды.

Имам Ахат Қайыпбергенұлы жиналған колледж студенттері мен мұражай ұжымына дәстүрлі ислам дініміздің қадір-қасиеті туралы құнды ақпараттар айтып, жастарымызды жат діни ағымдардан сақтандырудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Өз кезегінде, ұлттық мұражайға келген колледж студенттері көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып, рухани сусындалды. Жиын соңында, ұлттық мұражай ұжымы Ахат Қайыпбергенұлына алғысын білдірді.  

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: