#Талас: Мешіт жамағатымен жүздесу жасалды

#Талас: Мешіт жамағатымен жүздесу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әбдірашит ата" мешітінде Имам Ахат Қайыпбергенұлы намазға жиналған жамағатқа адасқан сәләфи-уахабилік діни ағымы туралы ақпарат берді. Олардың негізгі ақидалық қателіктері мен Құран мен Сүннетті (насс) түсінуде тікелей ғана түсінетін көзқарасты ұстанатындығын тілге тиек етіп, бала-шағамыз бен ағайын-туыстарымызды осы адасқан ағымнан сақтандыру керек екендігі айтылды.

Жиын соңына қарай жамағат имамнан намазға, дәретке байланысты жеке сұрақтарын қойып, жауаптарын алып жатты. Аталмыш жиыннан соң Мақұлбек есімді мешіт ақсақалы бата берді.

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: