ХАЛАЛ ДАМУ: ИМАМДАР ИНСТИТУТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ХАЛАЛ ДАМУ: ИМАМДАР ИНСТИТУТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Алматы қаласындағы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында халал тақырыбында кезекті оқу-семинарын өткізді.

Оқу-семинарлар барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына тікелей байланысты», – деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде түсіндірді.

Сондай-ақ семинарда халал өнім өндіру технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндалды. Одан бөлек, қатысушылар сұрақтарына жауап беріліпді.

Оқу орындары басшылығы тарапынан шәкірттердің білімін жетілдіруге арнайы уақыт бөлгендеріңізге және мүфтияттың атқарып жатқан игі істеріне ризашылығын жеткізілді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: