ҚОСТАНАЙДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ҚОСТАНАЙДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облыстық өкілдігі «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Мешіт – мейірімділік мекені» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің мәжіліс залында өткен конференцияны аталмыш жоғары оқу орнының ректоры, география ғылымдарының докторы Сейітбек Қуанышбаев кіріспе сөзбен ашты. Бұдан кейін Қостанай облыстық мешітінің наиб имамы Әлішер Балахмет қасиетті Құран Кәрімнен аят оқыса, облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев  құттықтау сөз сөйледі.

Конференция барысында Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай  қостанайлықтарды «Марал ишан» мешітінің 130 жылдық мерейтойымен құттықтап, бабамыздың тағылымды өмірі мен қызметіне тоқталды. Сондай-ақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы  Мақсат Алпысбес «Қазақ қоғамындағы ишан рухани институты және оның өкілдері», белгілі ақын,  жазушы-драматург, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбек Шаяхмет «Мешітке ақ тілек», «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда университеті  тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Мәулен Жұмаділдаев «Патша үкіметінің отарлау кезеңіндегі қазақ  халқының діни ахуалы жане Марал ишан», Зұлқарнай  Алдамжар  атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Есімхан Махметов «Марал баба ұрпақтарының мұрағаттары» тақырыптарында тартымды баяндама жасады.

Шара соңында биыл жарық көрген «Марал ишан атындағы Ақ мешіт» атты танымдық-тағылымдық жағы мол, сырты әсем безендірілген кітап тұсаукесерінен жиналған қауым үлкен әсермен, көп жайды көңілдеріне түйді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: