Бүгін елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды.
Сауапты шара Астана, Алматы, Шымкент қалалары және барлық облыс орталықтары, аудан және ауылдық мешіттерде бір мезетте өтіп, қайғылы оқиғада қаза тапқандардың рухына Құран бағышталды.