Алматы Орталық мешітінде дін қызметкерлері V республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттармен танысты.
Семинарға ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Рсымов Мейрамбек Қабылбекұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысты. V Республикалық имамдар форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «Қажының рухани келбеті» құжаттарын таныстырып, мазмұны мен маңызын түсіндірді.
Ізгі қоғам құрудағы имамдар қызметінде аталмыш құжаттардың қабылдануы мүфтият бекіткен жұмыс бағытына оң әсері болатынын жеткізді. Дін мен дәстүрді дәріптеген имамдар алдағы уақытта жамағатқа аталған құжаттар бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу тапсырылды.