Ауғанстанда қазақстандық әйел қолға түсті

Ауғанстанда қазақстандық әйел қолға түсті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауғанстанның Забул провинциясында содырлар тұтқынындағы адамдарды азат ету операциясы кезінде үкімет күштеріне қарсы жақта болған қазақстандық азамат қолға түскен.

Бұл туралы Азаттықтың Ауған қызметіне жергілікті қауіпсіздік күштері мәлімдеген.

Ауғанстан ұлттық әскері арнайы операция кезінде қаза тапқан 50-ге жуық содырдың 21-і – шетел азаматы деп хабарлаған. Операция кезінде содырлар тұтқынындағы отызға жуық адамның барлығын құтқару мүмкін болмағаны айтылады.

Содырлар жағында болған екі әйелдің біреуі қаза тауып, біреуі жараланған. Ауғанстан қауіпсіздік күштері жараланған әйел – Қазақстан азаматы деп отыр.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азаттыққа әзірше бұндай хабар өздеріне түспегенін, Кабулдағы дипломатиялық өкілдік арқылы ақпаратты анықтайтынын айтты.

Ақпанның 24-і күні Кабул мен Кандагар арасындағы жолда кетіп бара жатқан жолаушылар автобусын бет-жүздерін тұмшалаған белгісіз топ тоқтатып, көлік ішіндегі 30 жуық жолаушыны кепілге алған.

Оларды босату мақсатында Ауғанстан билігінің содырлармен жүргізген келіссөздері нәтижесіз аяқталған.

Азаттық

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: