Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабындағы сапармен Нью-Йоркке келгенде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунды Астанадағы діни форумға қатысуға шақырды, деп хабарлады сенат баспасөз қызметінен.
Сенат баспасөз қызметінің жариялаған хабарында айтылғандай, сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабындағы сапармен Нью-Йоркке келді, ол мұнда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Біріккен ұлттар ұйымының бірқатар жоғары лауазымды адамдарымен кездеседі.
Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-да осы форумның таныстырылымында сөз сөйлейді. Бесінші діни саммит биылғы 10-11 маусымда Астанада болады және ол діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік, даму және қауіпсіздік жолындағы үнқатысуына арналады.