Түнде тамақ жеу есте сақтау қабілетін төмендетеді

Түнде тамақ жеу есте сақтау қабілетін төмендетеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ-тың Калифорния университетінің ғалымдары мезгілсіз уақытта және тым кеш тамақ жеу адамның есте сақтау қабілетіне кері әсерін тигізетінін айтты.

Бұған дейін талай зерттеулер жүргізіліп, түнгі уақытта тамақ жеу адамға артық салмақ қосатыны және сусақ (диабет) дертіне соқтыруы ықтимал екендігі айтылып келген.

 Оны ғалымдар былай түсіндіреді: адамның 24 сағатқа бейімделген биоритмі бар. Сондықтан түнгі уақытта адам ағзасы тынығуға, демалуға өзін бейімдеп тұратын көрінеді. Осы кезде асқазанға ас түссе, ол соны қорыту үшін өз биоритмінен өзгертеді. Соның кесірінен ұйқы уақыты кейінірек шегеріледі.

Бұл өз кезегінде адамның бұрынғы өткен уақыттарда болған дүниелерді есте сақтауға жауап беретін ми бөлігіне күш түсіріп, ол өз қызметін жөнді атқара алмайды.

Міне, осылайша адам көп уақыт бұрын, кейде жуық арада болған кей жайттарды есіне түсіре алмай қиналатын көрінеді.

Ғалымдар осы ғылыми жаңалық ұйқысыздық дертіне шалдыққан адамдарға пайдалы болуы мүмкін деп отыр. Олар осы дерттен зиян шегіп жүрген жандардың тамақ ішу уақытын реттеу арқылы оларды ұйқысыздықтан емдеп көрмек.


hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: