ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ – АБАЙ ОБЛЫСЫНДА (ФОТО)

ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ – АБАЙ ОБЛЫСЫНДА (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының «Qaiyrymdylyq jarshylary» еріктілер тобы өрт болған Абай облысында жедел штаб құрды.

Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға, өртті ауыздықтауға күш салып жатқан төтенше жағдай қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында құрылған штаб жетекшісі, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев бүгін Бородулиха ауылына барды.

«Өрт басталған күннен бері жедел штаб қызметкерлері, яғни еріктілер тобының өңірдегі мүшелері тұрғындарға, зардап шеккен азаматтарға және өрт сөндірушілерді ас-сумен, керек-жарақтармен қамтамасыз етуде. Өңір тұрғындарына демеу білдіру мақсатында арнайы шот ашылғанын хабарлаймыз» дейді қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы.

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы атындағы мешіт, Бородулиха ауданы және Озерки елдімекенінде құрылған 3 штаб үш күннен бері 1500 тонна азық-түлік үлестірген. Жалпы саны 156 ерікті жедел штаб қызметінде жүр. 

Ескерте кетейік, төтенше жағдайға байланысты «Абай облысына шұғыл көмек» реквизиттері төменде көрсетілген.   

 
 

Пікірлер (0)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: