Алла Елшісінің (ﷺ) хадистерінің бірінде былай айтылған: «Егер Алланың жаратқан құлы күнә жасап қойса, оның жүрегінде қара нүкте пайда болады, ал егер ол күнә жасауын қойып, Алладан кешірім сұрап, тәубесіне келер болса, онда әлгі қара нүкте ғайып болады. Егер адам күнә жасауын жалғастыра берсе, онда әлгі нүкте ұлғайып, жүрегін толықтай басып кетеді, бұл жөнінде Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Жоқ, бәлкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты» (83:14)» (Тирмизи).
Адамның жасаған әрбір күнәсі оның жанына із қалдырып, зардабын тарттырады. Ал адам тәубесіне келсе, Алла Тағала оның алдынан Өзінің мейірім есіктерін ашады да оның жасаған күнәлары оған еш зиянын тигізбейді, бірақ істеген ісіне өкінбей, қайта-қайта күнә жасау арқылы ол жасағандарына парықсыздықпен қарайтын болып кетеді.
Аллаға бойұсынбау жан тыныштығын алып қояды. Күнәға бата жүріп, адам ашу-ызаға булығып, зейінсіз жанға айналады. Сонымен қатар, кейбір хадистерге сай Аллаға бойұсынбайтындардың дұғалары қабыл болмайды.
Алла Тағаланың жаратқан пендесі мінсіз болмайды, кейде шалыс басып жатса, кейде бойұсынбаушылық танытып та жатады. Адам баласының болмысы осындай. Ал иман келтіргендер үшін Аллаға бойұсынбаушылық аса ауыр болып тиеді, жанын жегідей жеп, тыныштығын алып қояды. Біз тәубемізге келіп, күнәдан бойымызды аулақ ұстап, Алланың кешіріміне ұмтыламыз, дегенмен, ешқашан мінсіз бола алмайтынымызды білеміз.
Ал күнә жасап қойғаннан кейінгі жан айқайымыз бізді одан да жақсы құлшылық етіп, Аллаға сиынуымызға итермелейтін болады. Осылайша, біз Алла Тағаланың шексіз мейірімі мен сүйіспеншілігін сезінетін боламыз.
Алла Тағаланың разылығына қол жеткізуден сізді алыстатып алып кеткен бір амалдарды жасап қойған соң, қайтадан Жаратушының кешіріміне бөленіп, жан тыныштығына кенелу үшін төмендегі дұғаларды оқып жүру абзал:
1. «Аллахумма анти рабби, Лә илләһа иллә анта, халактани уа ана абдука, уа ана алә ахдика уа уадика мастатату, аузу бика мин шарри ма санату абуу ляка дини матика аляййа уа абуу бизамби уагфирли уаиннаху ла ягфиру ассунуба илля анта».
«Уа, Алла, Сен менің Жаратушымсың, Сенен басқа құдай жоқ. Мені Сен жараттың, мен Сенің құлыңмын, дінімді ұстанамын әрі саған берген антыма берік боламын, Сенің жомарттығыңды білемін, өзімнің күнәларымды Сенің алдыңда мойындаймын. Енді мені кешірші, күнәларды Сенен басқа ешкім кешіре алмайды».
2. «Аллахумма, инни залямту нафси зульман кясиран, уа ля йагфиру-з-зунуба илля Анта, фа-гфир ли магфиратан мин индикя уа-рхам-ни, инна-кя Анта-ль-Гафуру-р-Рахиму!»
«Уа, Алла, асылында, мен күнә жасадым, Сенен басқа ешкім күнәларды жарылқай алмайды! Кешірші мені, маған Өзіңнің кешіріміңді бере гөр, жарылқай гөр, ақиқатында, Сен – Кешірушісің, Рақымшылсың!»
3. «Субхана-Ка Аллахумма астагфиру-Ка ли-занби, уа ас’алю-Ка Рахмата-Ка. Аллахумма зид-ни ‘ильман, уа ля тузиг кальби ба’да из хадайта-ни! Уа хаб ли мин лядун-Ка Рахматан, инна-Ка анта-ль-Уаххаб!»
«Уа, Пәк Алла. Сенен менің күнәларымның кешірілуін және Сенің мейіріміңді тілеймін. Йә, Алла, менің ілімімді арттыра гөр, мені дұрыс жолға салған соң, одан менің жүрегімді ауытқыта көрме! Өзіңнің мейіріміңе бөлей гөр, ақиқатында, Сен Берушісің!».
4. «Йа Хаййу, йа Кайюму, би-рахмати-кя астагису, аслих ли ша'ни кулля-ху уа ля такиль-ни иля нафси тарфата 'айн!».
«Уа, Тірі, уа, Мәңгілік бар болушы, Сенің мейіріміңнен пана іздеймін, менің барлық істерімді реттей гөр, мені менің нәпсіме және сәтке тапсыра көрме!».
5.«Аллахумма инни астагфирука ли занби уа ас-алюка рахматак».
«Йә, Алла! Күнәларымның жарылқануы үшін Сенен кешірім сұраймын, Сен қайырымдысың».