Қасиетті дұға

Қасиетті дұға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имран ибн Хұсейін (р.а.) келтірген:  

«Бір күні Алла Елшісінің (ﷺ) жанында едім. Бір уақытта қызы Фатима (р.а.) келді. Қатты аштық тартқаны көрініп тұр. Өңінде қан жоқ, жүзі сарғайып кетіпті. Алла Елшісі (ﷺ) мейірім толы көзімен оған қарап «Фатима, маған жақында, жақынырақ кел» деді. Алла Елшісінің (ﷺ) өтінішімен Фатима (р.а.) әкесіне жақын келді. Осы кезде Алла Елшісі (ﷺ) қолын Фатиманың (р.а.)  кеудесі мен мойны аралығына қойып: «Уа, ашты тойдырушы, сүрінгенді демеуші Алла Тағалам, Мұхаммедтің қызы Фатиманың еңсесін көтер!», ­– деген дұғаны оқыды.

Осы дұғадан кейін Фатиманың (р.а.) жүзіне қан жүгіріп, әлгі сарғайған белгілер жым-жылас жоғалып кеткенін байқадым. Осы оқиғадан біршама уақыттан кейін Фатиманы (р.а.) кезіктіргенімде, жағдайын сұрадым. Ол маған: «Уа, Имран, мен сол күннен бері еш ашыққан емеспін» деді».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: