- Құран оқыңдар, өйткені, расында ахирет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді (Мүслим).
- «Құран үйренушілер мен оны үйретушілер сендердің араларыңдағы жақсыларың болып табылады» (әл-Бухари).
- «Кім Құран оқудың шебері болып, оны әдемілеп оқыса, ол абыройлы және бойұсынушы жазғыштармен бірге болады. Ал кім Құранды ежелеп оқып, сонысымен қиналатын болса, онда оған екі сауап бар» (Мүслим).
- «Құран оқушы мүмін - тамаша иісті және дәмді, тәтті лимон секілді. Ал Құран оқымайтын мүмін - иісі жоқ, бірақ дәмді, құрма секілді. Құран оқитын екіжүзді - хош иісті, бірақ дәмі ащы райхан секілді. Ал Құран оқымайтын екіжүзді - иісі де жоқ, дәмі де ащы колоквин секілді» (әл-Бухари, Мүслим).
- «Екі түрлі қасиеті бар адамнан басқа ешкімге қызығуға болмайды, олар: Алла оған Құран білімін нәсіп етіп, оны күндіз-түні оқыған адам және Алла оған байлық нәсіп етіп, ал ол оны күндіз-түні игілікке жұмсаған адам» (әл-Бухари, Мүслим).
- «Кім Құраннан бір әріп оқыса оған бір жақсы амал жазылады, ал әр бір жақсы амал үшін он сауап жазылады. Мен: Алиф, Ләм, Мим - бір әріп деп айтпаймын. Жоқ, Алиф бір әріп, Ләм бір әріп және Мим бір әріп» (ат-Тирмизи).
- «Ішінде Құраннан еш нәрсе болмаған кісі - қираған үй секілді» (ат-Тирмизи).