АЛМАТЫДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ XXXVIII МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

АЛМАТЫДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ XXXVIII МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Алматы қаласының Орталық мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің XXXVIIІ мәжілісі басталды.

Мәжіліс жұмысын ашқан ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы:

«Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесінің жұмысы жоғары деңгейде өтіп келеді. Соның нәтижесінде қоғамға пайдалы бірнеше өзекті пәтуалар жарияланды. Тиісті концептуалды құжаттар қабылданды. Соның тағы бір жемісі жуырда елордамызда V Республикалық имамдар форумын өткіздік. Дінімізге, қоғамға қатысты 3 маңызды құжат қабылданды. Форумда «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі» және «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы құжаттары қаралып, қабылданды. Аталған құжаттарды өздеріңіз Кеңес жұмысында талқыладыңыздар, атсалыстыңыздар. Енді жақын күндерде өздеріңізбен бекіткен үлкен жобамыздың бірі «Ислам энциклопедиясы» кітабы жарық көреді Алла қаласа. Бүгінгі Мәжіліс отырысына сәттілік тілеймін» деді Бас мүфти.

Ғұламалар кеңесінде «Тендерге қатысу үкімі», «Тәуәссул жасаудың үкімі», «Кармин қышқылының үкімі», «Интернет-дүкен арқылы сауда жасаудың үкімі» сынды бірнеше пәтуа қаралады деп жоспарлануда.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: