#Талас: Төтенше жағдай бөлмінің мамандарымен жүздесті

#Талас: Төтенше жағдай бөлмінің мамандарымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас аудандық Төтенше Жағдайлар бөлімінде ауданның наиб имамы Азамат Әміртайұлының қатысуымен қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесудің «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» турасында болды.

Имам өз сөзінде: "Ислам – терроризмге, зорлық-зомбылыққа, діни экстремизмге қарсы. әлемді алаңдатқан экстремизм мен терроризм мәселесі біздің еліміз үшін де, теріс мақсатта пайдаланғысы келетін топтардың төбе көтермей қалмасы да айқын. Тәуелсіздігіміздің отыз жыл ішінде Қазақстан халқы әуелі Алла Тағаланың мейірім-шапағатымен, ауызбіршілігінен айнымай, бірлігіне бекем болды. Хәкім Абайша айтқанда, адамзаттың барлығын бауырым деп сүюге шақыратын Ислам діні қоғамның тұтастығына, елдің бірлігіне сызат түсіруші кез келген адами құндылыққа сай келмейтін құбылыстарға түбегейлі қарсы. Исламның атын желеу етіп, ой-санасы қалыптасып, көзқарасы тұрақтап үлгермеген азаматтарды жолдан тайдырып, еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төндіру – келешегімізге қол салғысы, тұнығымызды ластағысы келетін қара ойлы қылмыскерлердің ғана қолынан келсе керек" - деп түсіндіріп өтті.


Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: