#Байзақ: «АҚЫЛ АТА» МЕШІТІНДЕ ҰСТАЗДАР ЕСКЕ АЛЫНДЫ

#Байзақ: «АҚЫЛ АТА» МЕШІТІНДЕ ҰСТАЗДАР ЕСКЕ АЛЫНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жетібай ауылдық «Ақыл ата» мешітінде мектеп бітіргендеріне 30 жыл толған орта буынды  аға-әпкелеріміз өздеріне дәріс берген ұстаздарына құрмет көрсетіп, бақилық болғанларын еске алып, Құран оқытып ас берді.

    Айтулы шараға ауыл имамы Қадірбек Абенұлы: «Асыл дініміз Исламда білім үйрету, ұстаздық ету сауапты әрі құрметті іс деп танылады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Зүмәр» сүресі, 9-аятында «Білгендер мен білмегендер тең бе?» – деп айтқан.

Ұстаз – шәкіртін өмірге баулушы, оған өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін егуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің тәжірибесімен бөлісетін жанашыры әрі ақылшысы.

Қазақ халқы: «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы», «Атпаз көрген – ат таныр, ұстаз көрген – хат таныр», «Ұстазыңды әкеңдей сыйла», – деп ұстаз адамды құрметтеп, сыйлауға шақырған», - деп осы шараға мұрындық болған жандарға алғысын айтып, марқұмдарға Құран аятын оқып, елдің амандығы үшін дұға жасады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: