#Жамбыл: Тәжуидтен ашық сабақ өтті

#Жамбыл: Тәжуидтен ашық сабақ өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде әйел-қыздар шәкірттерімен «тәжуидтен» ашық сабақ өткізілді. Аудандық мешіт ұстазы Жайна Бекназарованың жетекшілігімен өткізілген дәрісте үлгерімі жоғары шәкірттер арнайы сыйлықтар алды. 

 

Қарилар Құран оқу ережелерін тәртіпке салып кітаптар жазды. Бұл ережелер жиынтығын олар тәжуид деп атады. «Тәжуид» сөзі бір нәрсені дұрыс әрі әдемі істеу деген мағынаны білдіреді. Әрбір мұсылманның тәжуид ережелерін сақтай отырып Құран оқуы, оны тәжуид ілімін білетін қарилардан үйренуі міндет.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: