"ҰЛЫ ДАЛА" МӨЛТЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕШІТ БОЙ КӨТЕРУДЕ

"ҰЛЫ ДАЛА" МӨЛТЕК АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕШІТ БОЙ КӨТЕРУДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында көп қабатты және жеке тұрғын үйлер салынып жатқан "Ұлы Дала" 15-ші мөлтек ауданында жаңа мешіт бой көтеруде. 

Аталған мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысып, хал-ахуалын бақылау мақсатында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы, Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Халид Хожахметов нысанға арнайы барып қайтты. 

Мешіттің ішін аралап, жоспарымен және құрылысты жүргізу барысымен танысты. Іс басында жүрген мамандармен тілдесіп, қажеттіліктердің толық қамтамасыз етілуін және іші-сыртының қазақи нақышта болуын талап етті. 

Айта кетейік, аталған мөлтек ауданда қазірдің өзінде 100-ден астам көп қабатты үй қолданысқа берілген. Бой көтеріп жатқан мешіттің аумағы 2 жарым гектар. Халық көп шоғырланған аудан мешіттің ашылуын қажет етіп тұр. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: