#Байзақ: АУЫЛ ИМАМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

#Байзақ: АУЫЛ ИМАМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылы «Бекберген ата» мешітінің имамы Мұстафа Бауыржанұлына құрмет көрсетілді.

   Қызметін абыроймен тапсырып, басқа өңірге имамдық қызметке ауысып бара жатқан қызметкерді шығарып салу шарасына «Байзақ баба» аудандық мешітінің наиб имамы Мұхит Ермаханұлы қатысып, Мұстафа Бауыржанұлына аудан бас имамы Қанат Әділханұлының алғыс хатын табыстады. Осы аймаққа жауапты, «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлы Мұстафа имамның иығына шапан жапты. Ауыл жамағаты да имамға алғысын білдіріп, құрмет көрсетті. Мұстафа имамға ауысып жатқан қызметіне сәттілік тілеп, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: