#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ ТҮЙМЕКЕНТ АУЫЛЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ ТҮЙМЕКЕНТ АУЫЛЫНДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Сағымбаев Бақытбек жұма күні Түймекент ауылдық «Түймекент» мешітінің жамағаты мен кездесіп, жұма намазын өткізді.

  Сағымбаев Бақытбек: «Тұран даласына асыл дініміз Ислам келгеннен бастап, қазақ халқы Ханафи мазһабын ұстанып келеді. Ханафи мазһабының негізін қалаушы Имам Ағзам һижраның 80-жылында (миләди 699 ж.) Ирактың Куфа қаласында дүниеге келіп, 150-жылы (миләди 767 ж.) Бағдат қаласында көз жұмған. Толық аты-жөні – Нұғман ибн Сәбит, ұлты парсы. Өз ғасырының ірі ғалымы болғандықтан оны – «имам Ағзам» (ең үлкен имам) деп атаған.

Имам Әбу Ханифаның әкесі Сәбит туралы деректер аз сақталған. Ол бала күнінде өзінің әкесі, яғни имам Әбу Ханифаның атасымен бірге мұсылмандар әміршісі, әрі діни ұстазы хазіреті Әли ибн Әби Талибпен (Алла оған разы болсын) кездесу бақытына ие болады. Сонда мұсылмандар әміршісі Әли Сәбитке және оның ұрпақтарына аса жоғары Алла Тағаладан береке тілеп, дұға жасаған болатын.

Ғалымның Әбу Ханифа деп аталу себебіне бірнеше деректер келтіріледі.
ӘбуХанифа – «Ханиф» ислам дініне шынайы беріліп, соның жолымен жүрген, яғни «Діннің әкесі» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар «ханиф» сөзі парсыларда сол кезде сия сауыттың аты болған екен. Имам Ағзам сол кезде сия сауытын жанынан бір елі тастамайтын еді. Кейбір деректерде имам Әбу Ханифаның «Ханифа» атты қызы болған. Соның құрметіне Ханифаның әкесі деген мағынада «Әбу Ханифа» деп аталғандығы айтылады», - деді.

Жұма намазынан кейін наиб имам жамағатпен бірге дұға жасады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: