150 жылдық тозығы жеткен шіркеу заманауи мешітке айналды

150 жылдық тозығы жеткен шіркеу заманауи мешітке айналды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлыбританияның Блэкберн қаласында шіркеудің тарихи ғимараты мұсылман қауымының күшімен мешітке айналды. Жаңа "ат-Таква" мешіті Плакгейт көшесінде 1870 жылы салынған Әулие Чад шіркеуінің орнына ашылды. 150 жылдық тарихы бар ғибадатхана апатты және тозығы жеткен, сондықтан оны қалпына келтіру үшін мұсылмандар көп жұмыс істеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды IslamNews AboutIslam сайтына сілтеме жасап. 

«Біз ғимараттың өзіндік ерекшеліктерін сақтап, жаңа дизайнға енгізуге тырыстық. Ішкі безендірудің көрнекті элементі болып табылатын намазханадағы ағаш арқалықтар сақталған», - деп түсіндірді мешіт өкілі. «Мұсылман болсын, мұсылман емес болсын, мешітке келгендердің барлығынан бұл туралы мақтаулар алдық.

Біз ауданның барлық тұрғындарын өзгерістерді өз көздерімен көруге шақырдық». Алла үйіндегі алғашқы қонақтардың қатарында қалалық кеңес мүшесі Фил Райли болды. «Бұл қандай әдемі ғимарат, ол үшін қаншама жұмыстар атқарылды. Бұл жергілікті қауымдастық үшін әсерлі қосымша », - деді Райли.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: