ЫНТЫМАҚҚА ҰЙЫСТЫРҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ЫНТЫМАҚҚА ҰЙЫСТЫРҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Конфесияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Әлемнің тұрақты дамуына қол жеткізудегі діни лидерлердің рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өтті.

Аталмыш халықаралық онлайн конференцияға Конфесияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығының төрағасы Сәрсенбаев Болат Серғазыұлы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бакиров Бауыржан Жалелұлы, Әл-Азхара Исламтану академиясының бас хатшысы Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аяд, Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия Ул-Хак және де «Нұр-Мүбарак ислам университетінің проректоры, Қазақстан дінтанушылар Конгресінің төрағасы Қайрат Құрманбаев, Nazarbayev University гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің профессоры» т.б. діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Аталмыш онлайн конференцияға ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар қатысып, баяндама жасады.

«Аллаға шүкір, бүгінде Еуразия жүрегінде бейбіт ғұмыр кешіп келе жатқан Қазақстан төрткүл дүниеге бітімгер, араағайын, ымырашыл іргелі ел ретінде танылды. Еліміздің рухани бірлігін нығайтуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да сүбелі үлес қосып келеді.

Құдайға шүкір, біздің елде дәстүрлі діндер арасындағы өзара келісім жоғары деңгейде көрініс тапқан. Дін қайраткерлерінің басын қосып, барша халықты діни татулық пен тұрақтылыққа үндеген еңселі елордамыз рухани келісім мен бірліктің символына айналды. Сарыарқа төсінде өтетін дәстүрлі съездер діндер арасындағы диалогты дамытуға сүбелі үлес қосуда. Бұл бастама хәкім Абайдың: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», – деген сөзін ғаламдық биікке көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында: «Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматымыз түсіну қажет. Біз қашан да алауыздыққа қарсы тұра білген елміз» деп атап өтті Ершат Ағыбайұлы.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: