ШЫМКЕНТ: НАИБ МҮФТИ ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

ШЫМКЕНТ: НАИБ МҮФТИ ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында имамдардың діни біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент орталық мешітінде «Ақида: жаңа ғасырдағы жат ағымдар мен ұйымдар» және «Фиқһ: Ханафи мәзһабының намазға қатысты дәлелдері» тақырыбында танымдық аймақтық қос діни семинар өтті.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы арнайы қатысып, дәріс оқыды. Жалпы семинар барысында Сансызбай Құрбанұлы ақида және шариғат мәселелері, жат ағымдардан сақтану жолдары мен уағыз-насихат жүргізу тәртібі, пәтуа беру ережесі сынды күрделі мәселелерді түсіндірді.

Семинарға қалалық ЖАНТ мүшелері мен діни оңалту, шариғат және пәтуа саласына жауапты мамандары мен қала имамдары қатысып мол ақпарат алды.

Шара соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлына алғыс айтып, ризалығын білдірді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: