Нидерланды мұсылмандар қоғамы газетінің редакторлары басылымның бір санын Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың өте көрікті адам болғаны жайлы мақалаға арнамақ. Осылайша, газет ұжымы исламның агрессивті дін емес екенін адамдарға түсіндіріп, мұсылмандықты жақсы қырынан көрсетуді ниет етіп отырған көрінеді.
Газеттің бас редакторы Брахим Буриктің айтуынша, діни басылымның жаңа саны ислам діні жайлы қасаң түсініктерді жоюға арналмақ. «Мұхаммед пайғамбардың өте көрікті де тартымды адам болғаны жайлы біреу білсе, біреу білмейді. Тіпті, Құранда да бұл жөнінде айтылады, адамдар неге Құранды ашып оқымайды», - дейді бас редактор.
Нидерландықтар газеттің бұл санын шілде айында, яғни, мұсылмандарға қасиетті Рамазан айының қарсаңында оқи алады. Сонымен қатар, Буриктің айтуынша, басылымның келесі саны 2015 жылдың 7 қаңтарында лаңкестердің қолынан қаза болған Charlie Hebdo газетінің 12 мүшесін еске алуға арналмақ.
Редакция мүшелері қаза болғаннан кейін басылып шыққан француздық журналдың алғашқы саны 2015 жылыдң 14 қаңтарында 5 миллион данамен басылып шығып, сол күні-ақ сатылып кеткен болатын. Басылымның бұл санынан 10 млн еуро таза табыс түскен.
hibatulla.kz