Финляндия президенті біржынысты некені заңдастырып берді

Финляндия президенті біржынысты некені заңдастырып берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Финляндия президенті Саули Ниинисте "Неке туралы" жаңа заңға қол қойды. Аталған құжат біржынысты некені қолдауға негізделген. Ол күшіне 2017 жылдың 1 наурызынан бастап енбек, деп хабарлайды Baq.kz.

 Бұл ел тарихында тұрғындардың өз бастамасымен қабылданған алғашқы заң жобасы. Финляндияда мұндай бастама көтеру үшін 50 мың адамның қолы керек. Ал, "Неке туралы" заңды қолдап 167 мың адам үн қатыпты.

Айта кетейік, 2014 жылдың 12 желтоқсанында ел парламенті біржынысты некені заңдастыруды екінші оқылымнан мақұлдаған болатын. Аталған заңды қабылдауға 101 депутат жақтап дауыс берсе, 90-ы қарсылық танытты. 

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: