Ғалымдар темекімен күресудің жолын тапты

Ғалымдар темекімен күресудің жолын тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мамандар америкалық варениклин препараты никотинге тәуелділіктен құтылуға көмектесетінін анықтады. Ғалымдар ғылыми ізденістері жайлы JAMA журналында хабарлады. 

Тәжірибеге бір жарым мыңнан астам шылымқор қатысыпты. Олардың жартысына варениклин препаратымен, қалған жартысына плацебо дәрілік затымен ем жүргізілген. Екі топқа да нақты мақсат қойылды: олар 4 аптадан кейін шегілетін темекі санын 50%-ға, 8 аптадан кейін 75%-ға азайтып, 12 аптадан кейін бұл жаман әдеттен біржола арылуы тиіс болды. 

Тәжірибе нәтижесі варениклин шынымен де никотинге тәуелділіктен құтылуға көмектесетінін көрсетті. Сонымен қатар, ғалымдар препарат темекіні қойғаннан кейін болатын жағымсыз әсерлерді төмендететінін дәлелдеп отыр. Дегенмен препараттың қосымша әсері де байқалып қалды. Сынаққа қатысқан адамдардың кейбірі жүрегі айнып, түнде ұйқыдан қалғанын, басы ауырғанын айтып шағымданған. Бұл мәселені қазір ғалымдар қызу талқылап жатыр.

hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: