Биыл АҚШ-та бұрын-соңды болмаған қыс түсіп, ел халқын әбігерге салғаны белгілі. Күннің аязды болғаны сонша Ниагара сарқырамасы толығымен қатып қалған, деп хабарлайды Bnews.kz.
Дегенмен, табиғаттың тосын мінезінен АҚШ-тың ең көрікті орны саналатын Ниагара сарқырамасын көруге келетін туристер саны азайған жоқ. Қайта бұл құбылысты әлемнің «сегізінші кереметіне» балап, оны көру үшін келетіндер саны артқан.
«Әлемдегі ең үлкен сарқырама күнде қата бермейді, мұны дұрыстап пайдаланып қалуымыз керек», - деген туристер мұздықтың жанында суретке түсуге асық.
2015 жылға дейін Ниагара сарқырамасы екі рет қатқан: 1848 және 1912 жылдары. 2014 жылы ақпарат құралдарында сарқыраманың біраз бөлігі қатқаны хабарланған болатын. Алайда, бұл ақпараттар расталған жоқ.
hibatulla.kz