Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі маусым айында Астана қаласында өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
«Маусым айында Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезін өткізу жоспарланып отыр», - дейді А.Мұхамедиұлы.
Министр 2014 жылы елімізде дін саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Кәсіби идеологиялық жұмыстың негізгі құралы ретінде бүгінде дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтары жұмыс істейді. 2014 жылы 708 топтың күшімен 1,5 миллионнан астам адамды қамтыған 17 мыңға жуық мақсатты шаралар өткізілді. Барлық жұмыс 2017 жылға дейінгі терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жасалды», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі.
bnews.kz