Тайып Ердоған Кубада мешіт салуды ұсынды

Тайып Ердоған Кубада мешіт салуды ұсынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия президенті Тайып Ердоған Гаванаға ресми сапары барысында Рауль Кастромен келіссөздер өткізгеннен кейін Кубада Стамбұлдағы Ортакөй мешітіне ұқсас мешіт салу туралы ұсыныс жасады.

«Мен Ортакөй мешітіне қатысты барлық ақпаратты, көрнекі материалдар мен мешіт жобасын алып келдім. Біз бұл мешітті шетелдік серіктестерді тартпай-ақ, өзіміз саламыз», - дейді Т.Ердоған.

Куба – коммунистер басқаратын зайырлы мемлекет. Аралда 11 миллион адам тұрады. Олардың басым бөлігі католиктер, тек бірнеше мың кубалық қана мұсылман.

Ердоған Американы XII ғасырда мұсылмандар ашқанын, ал саяхатшы Христофор Колумб 1492 жылы келген уақытта бұл жерден тіршіліктің ізін байқағанын жеткізді. Оның айтуынша, Колумб өз күнделігінде тау шыңында салынған мешітті көргенін жазады. Колумбтың күнделігін зерттеген ғалымдар «саяхатшы мешіт таудың ұшар басында салынғанын жазған» дейді.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: