Ресейде хиджаб туралы тұңғыш кітап жарық көреді

Ресейде хиджаб туралы тұңғыш кітап жарық көреді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БАҚ хабарлағандай, Ресейде жақын күндері хиджабқа қатысты барлық сұрақтар жан-жақты қамтылған кітап жарыққа шығады.

Аталмыш кітап ресейлік философ Әли Вячеслав Полосин басшылық ететін редакцияда басылып шығады. Кітап христиан, мұсылман және иудей діндерінде әйелдердің орамал тағу түрлері мен әдістері жайлы жазылған зерттеу жұмыстары бойынша жазылған.
Кітап авторлары шариғат шәлісінің Құран мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) сүннетіне сай қандай болуы керек және әйел адамдарға қандай жағынан пайдалы екендігі туралы тереңірек жазған.

Кітапта әйгілі Ислам ғұламаларының хиджабқа қатысты пікірлері де қамтылған. Сонымен қатар, осы кітап арқылы оқырмандар хиджабты дұрыс тағу, орамалдың түсі мен матасын, стилін дұрыс таңдау туралы толық ақпарат ала алады.
Авторлар кітапта хиджаб пен спорттың үйлесімділігіне де көңіл бөлген.

hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: