Обама: Ешкім түріне, дініне қарап зардап шекпеуі керек

Обама: Ешкім түріне, дініне қарап зардап шекпеуі керек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ президенті Барак Обама Солтүстік Каролина штатындағы мұсылмандар отбасының өліміне қатысты пікірін айтты.

«Ешкім түріне қарап, дініне қарап зардап шекпеуі керек», - деді Обама оқиғаға байланысты өз ойын айта отырып.
Қазіргі таңда ФБР үш студенттен тұратын отбасын өлтірген күдіктіні тергеп жатқандығын мәлімдеді. Қайтыс болғандардың туыстары мәлімдегендей, ерлі-зайыптылар мен олардың туысын діни көзқарастары үшін бақилық қылған.

Алайда прокурор бұл фактінің әлі дәлелденбегендігін айтып отыр. Айта кетейік, күні кеше Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Барак Обаманы қылмыстық жайтқа байланысты пікірін білдірген жоқ деп айыптаған болатын.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: