ҚМДБ-ның «Халал» стандарттау бөлімінің қызметкерлері Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасына іс-сапармен барды.
Бұл сапарда ҚМДБ-ның «Халал» стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ-ның заңгері Дәулетияр Сағитжан және «Халал» стандарттау бөлімінің қызметкері Мұратбеков Бақытжан барды.
Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі Мақсатбек қажы Тақтамушев келген қонақтарды жылы қабылдап, жалпы қазақ еліне ыстық сәлемін жолдады.
Кездесу барысында екі елдің достығы үшін тығыз қарым-қатынас жасап, тәжірбие алмасу мақсатында тараптар бірігіп жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.«Халал» стандарттарына қойылатын талаптар мен шарттарды жетілдіріп, «халал» өнімдерді қадағалауды күшейту мақсатында Қазақстан, Қырғызстан және Татарстан муфтияттары өзара бірігіп жұмыс жасау үшін мемарандумға қол қоюды жоспарлады.