Еліміздегі жоғары оқу орындары студенттері арасында қасиетті Құран Кәрімді жатқа оқудан жарыс биыл Нұр-Мүбарак университетінде өзгеше сипатта ұйымдастырылды. Яғни қари студенттер арасындағы жарыс аз ғұмырында артынан өшпес із қалдырған ұлағатты ұстаз Бауыржан Әлиұлын еске алу құрметіне арналды.
Алдын ала хабарламаға сай еліміздің әр аймағынан 110 студент өтініш білдірген. Маңғыстау, Қарағанды, Астана, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларының 8 оқу орнынан қатысқан үміткерлер қасиетті Құранның 30 пара, 10 пара, 3 пара және 1 парасы бойынша бақ сынады. 1 паралық сайыс Нұр-Мүбарак университетінен тыс студенттерге арналды.
Толық Құран бойынша 9 үміткер қатысып, олардың әрбіріне 10 сұрақтан берілді. Жалпы сайыста 21 комиссия мүшесі 7 топ бойынша жұмыс істеді.
Марапаттау рәсіміне университет басшылары, оқытушы-профессорлар және ұстаз Бауыржан Әлиұлының ата-анасы мен бауыры қатысты. Құран жарысы жеңімпаздары жарияланды:
1-орын: Макан Айдын.
2-орын: Сониев Аманулла;
3-орын: Исмаилов Рахматулла.
1-орын: Мырзахмет Махмут;
2-орын: Жұбан Әбілхайыр;
3-орын: Асилбаева Мадина.
1-орын: Мансуров Абдурохим;
2-орын: Медеу Елдос;
3-орын: Абидуллаева Асел.
1-орын: Аминов Бекнұр;
2-орын: Нұрлыхан Жандос;
3-орын: Абибулла Нұрсұлтан, Алайдар Бекболат.
Құранды толық жаттаудан бас жүлде иегеріне кіші қажылыққа жолдама берілсе, қалған номинациялар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сый табысталды.