Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық Бас мешіттегі айт намазынан кейін мерекелік іс-шараларға қатысты.
Бас мүфти зәулім мешіттегі мерекелік іс-шараға атсалысып жатқан жамағатты ораза айтпен құттықтады. ҚМДБ Төрағасы айт мерекесі ұлттық нақышта тойланып жатқанын айта келе, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар бүлдіршіндерге айттық беріп, ақсақалдармен бірге дұға жасады.









30 Сәуір 2026
13 Зуль-каада 1447

