Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған АҚШ-тағы мұсылмандар отбасының өліміне байланысты Обаманың әліге дейін үнсіз жатқанын қатаң сынға алды.
Ердоғанның айтуынша, билік өкілдері өз елінде болып жатқан барлық жағдайға жауап беруі тиіс және орын алған оқиғаларға байланысты пікір білдіруі керек.
Айта кетсек, исламның сүнниттік бағытын ұстанатын Реджеп Тайып Ердоған соңғы уақыттарда Батыс елдерінің мұсылмандарға көрсетіп жатқан қысымын жиі айыптап жүр.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Калифорнияның солтүстігіндегі қалашықта жергілікті тұрғын бір отбасын түгел қырып салған болатын. Қайтыс болғандардың үшеуі де мұсылмандар.
Полиция өкілдері қазір қылмысты тексеріп жатыр. Марқұм болған жастардың туыстарының айтуынша, оқиға олардың діни көзқарастарына байланысты орын алған. Алайда прокурор оған дәлелдің жоқтығын айтып отыр.
hibatulla.kz