Тұңғыш рет республикалық имамдар форумы өтеді

Тұңғыш рет республикалық имамдар форумы өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астанада 19 ақпанда тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өткізетін республикалық имамдар форумына еліміз бойынша 500-ге жуық өкіл имамдар мен аудан, ауыл молдалары қатысады.

Аталмыш шара барысында еліміздің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атап айтқанда, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы Өмірзақ Озғанбаев сынды танымал тұлғалар қатысып, баяндама жасайды.

Форумда дін саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды еңсеру жолдары талқыланады. Форум жұмысының басты мақсаты – «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынай мұсылманның тұлғалық келбеті», «Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» сияқты маңызды құжаттар қабылданады деп күтілуде.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: